Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

28 наурызда Қазақстанның қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 06:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 28 наурыз күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 28 наурыз күні Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай