Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

29 қараша күні Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

2020 жылдың 27 қараша 2020 09:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қараша - жексенбі күні астанада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Сity Transportation Systems көлік компаниясы мәлімет таратты.

«Бұл күні дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күні тоқтайды. Дүйсенбі, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды» делінген хабарламада.

Компания қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынған.

Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.


Жоғары қарай