Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

29 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 19:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде эпидемиологиялық жағдай, жылыту маусымына әзірлік, интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясының тарифін бекіту туралы қоғамдық тыңдау болады. Қоғамдық тыңдау онлайн, әрі оффлайн режимінде өтеді.

12.00-де әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал және елордадағы кезекші сыныптардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тақырыбында» онлайн брифинг өтеді. Онлайн баспасөз мәслихаты қала әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде өтеді.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Мемлекет басшысының Жолдауында цифрландыру саласындағы өзекті мәселелері бойынша көрсетілген тапсырмаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

14.00-де Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың жыл сайынғы халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Онлайн қосылу мына сілтемеде.

15.00-де «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында баспасөз туры өтеді. Баспасөз туры ZOOM конференция арқылы тікелей эфирге шығарылады.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: БАҚ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай