Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3,3 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 11:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты 3,3 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

COVID-19-бен күресуге тартылған 3 362 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 36 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды.

Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, содан соң төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

30 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 3 362 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 36 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көбі Нұр-Сұлтан (693) және Алматы (394) қалалары және Қарағанды (394), Батыс Қазақстан (261), Ақмола (228) және Атырау (198) облыстары бойынша жүргізілді.


Жоғары қарай