3 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 13 қаңтарда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 қаңтарда Риддер,Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.