Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 2 наурыз 2021 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш. Онлайн баспасөз конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тегі парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Қазақстандағы Жапония елшілігі «Шығыс Азияның қазіргі жағдайы және оның Орталық Азияға әсері» тақырыбында ZOOM конференциясын өткізеді. Конференция сілтемесі міне .

14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алашорда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейхан – қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» атты халықаралық онлайн конференция өтеді.

14.00-де Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы ғимаратында Әлия Назарбаеваның төрағалығымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Кеңесінің I отырысы өтеді.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Су тасқынына қарсы дайындық» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров. Онлайн баспасөз конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тегі парақшасында тікелей эфирде өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай