Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

3 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 3 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат жұма, 3 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




68 жыл бұрын (1952) «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Серік Қуандықұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келген.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған.

С.Қ. Ақшолақов Қазақ нейрохирургтары ассоциациясының Президенті, Ресей нейрохирургтары ассоциациясының құрметті мүшесі, Неврологиялық хирургтардың Азиялық конгресінің атқарушы комитетінің мүшесі, Нейрохирургиялық қоғамдардың бүкіләлемдік федерациясының нейротравматологиялық комитетінің мүшесі, «Acta Neurochirurgica» нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық ассоциациясы журналының редакциялық комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс грамотасымен марапатталды. 2005 жылы жоғары дәрежелі тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. 2005 жылы Дәрігерлердің бүкіләлемдік ассоциациясының «Әлемге қамқоршы дәрігер» атағына ие болды. 2006 жылы Бүкілресейлік көрме орталығының «Лауреат ВВЦ» медалімен марапатталды. 2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль иегері атанды. 2008 жылы Пирогов атындағы сыйлықтың лауреаты, Ресей. 2008 және 2009 жылдары «Алтын адам-Қазақстандағы жыл адамы» атағына ұсынылды. 2010 жылы ҚР Президентінің «Парасат» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері (1998 ж.).




49 жыл бұрын (1971) – жоғары дәрежелі дәрігер, денсаулық сақтау үздігі, Еуропалық катарактальдық және рефракциялық хирургтар қауымдастығы (ESCRS) мүшесі Марат Смағұлұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

Алматы Мемлекеттік медицина институтының Емдеу факультетін (1994), Almaty Management University жанындағы магистратураны (2015) тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі: 1994-1995 жылдары - Көздің мөлдір қабықшасы патологиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері, кезекші-дәрігер, «Көз аурулары ҚазҒЗИ»; 1995-1998 жылдары - Қазақ Мемлекеттік медицина университеті жанындағы аспирантура; 2001-2003 жылдары - «Көз аурулары ҚазҒЗИ» 2-бөлімшесінің меңгерушісі; 2005-2008 жылдары - «Көз аурулары ҚазҒЗИ» рефракциялық лазерлік хирургия бөлімшесінің меңгерушісі; 2008-2015 жылдары - «Көз аурулары ҚазҒЗИ» бас дәрігері; 2014 жылы - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмология кафедрасының меңгерушісі; 2015 жылы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай