Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

3 желтоқсан. Туған күн иелері

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандар назарына 3 желтоқсан күні дүниеге келген танымал тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




78 жыл бұрын (1943) қазақ операсының әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қанат Нұрмұхаммедұлы ОМАРБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1973-1998 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының опера солисі қызметінен бастады. 1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясы вокал-хор факультетінің деканы және оқытушы қызметіне шақырылды. 200-2013 жылдары – К.Байсейітова атындағы Опера және балет ұлттық театрының солисі. 2006-2009 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясының жеке ән айту кафедрасының меңгерушісі болды.

Қазақ өнерін жақын және алыс шетелге танытты. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды. 2006 жылы ҚР Білім министрлігінің «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» грантын иеленді. «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» (қазақ театр және музыка өнеріне қосқан үлесі үшін) құрметті атағы берілді. ҚР және Орталық Азия әншілер байқауының дипломанты.




73 жыл бұрын (1948-2021) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

1969-1993 жылдары Қазақ жастар мен балалар театрының актрисасы болған. 1993-2021 жылдары – М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Б. Майлиннің «Шұғасында» Шұға, Ш. Айтматовтың «Арманым, Әселімде» Әсел, А. Чеховтың «Шағаласында» Аркадина, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Кәләй, С. Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Райхан, М. Әуезовтің «Қаракөзінде» Мөржан, У. Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда және тағы басқада рөлдерді сомдады. «Тоғысқан тағдырлар» (Роза) және «Қарашегіртке» (Марго) телесериалдарына, «Ләйләнің намазы», тағы басқа көркем фильмдерге, балаларға арналған телебағдарламаларға түскен. Гастрольдік сапармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.




61 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі – Ғани Өтенұлы ТІЛЕУБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Республикалық комсомол мектебі жанындағы бір жылдық курсты бітірген. 1988 жылдан – Алматы жеңіл өнеркәсіп технологиялық техникумында саяси экономия оқытушысы. 1989 жылдан – орта мектепте мектептен тыс және сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. 1990 жылдан Қазақстанның комсомол органдарында жауапты қызметтерде, коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасады. 1997 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінде аға маман. 2002 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігі Кеңсесінде сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Кеңсесінде жалпы бөлім меңгерушісі. 2004 жылдан – ҚР Президенті Кеңсесінде мемлекеттік құпияларды және ақпараттандыруды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі. 2005 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік құпияларды және ақпараттандыруды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2008 жылы қазан айынан бастап.




52 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Сәкен Мәнсұрұлы БЕКЖАНОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. М.В. Фрунзе атындағы Жоғары әскери-теңіз училищесін 1992 жылы, Н.Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын 2005 жылы тәмамдаған. Лейтенанттан бастап 1-ші дәрежелі капитан әскери атағына дейін әскери қызметтің барлық сатысынан өткен. 1987 жылдың тамызынан бастап 1992 жылдың маусымына дейін ЖӘТУ-дің курсанты болған. 1992 жылдың шілдесінен бастап 2003 жылдың қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде кеменің жауынгерлік бөлімінің командирінен кеме командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2003 жылдың қыркүйегінен бастап 2005 жылдың маусымына дейін Н.Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясының тыңдаушысы болды. 2015 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін дивизион командирінен бастап Ресей Федерациясы Солтүстік флотының қамтамасыз ету кемелері бригадасының командиріне дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2012 жылдың сәуірінен бастап 2013 жылдың тамызына дейін – ҚР ҚК ӘТК 29011 әскери бөлімі командирінің орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімшесінің бастығы. 2013 жылдың тамызынан бастап 2015 жылдың маусымына дейін – 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының орынбасары. 2015 жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін – бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 2016 жылдың тамызынан бастап 2018 жылдың сәуіріне дейін РФ ҚК бас штабы Әскери академиясының адъюнкты болды.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың 18 сәуірінен бастап.

Мерейтойлық және еңбек өткерген жылдары үшін жеті медальмен наградталған.




43 жыл бұрын (1978) М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасы Талғат Мақсұтұлы НӘРІКБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2004 жылы Ресейдің Сыртқы барлау академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1988-1999 жылдары Алматы ауданы Астана қаласы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі. 1999-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі. 2007-2008 жылдары – КАЗГЮУ Университетінің президенті. 2013-2019 жылдары – КАЗГЮУ университетінің ректоры. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасы.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: «ҰҚК-КНБ Қазақстан» төс белгісі (2004 ж.), ҚР ҰҚК Төрағасының алғыс хаты (2005 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі (2012 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурысына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 ж.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» медалі (2019 ж.).


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай