Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«30 игі іс»: Атырауда 700 отбасы жыл бойы азық-түлікпен қамтылады

2021 жылдың 4 наурыз 2021 03:06

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 700 отбасы жыл бойы азық-түлікпен қамтылады. Бұл туралы Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталғанда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осынау қайырымдылық шарасына жергілікті мәслихаттардың депутаттары қолдау білдіріп отыр. Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты аз қамтылған 18 отбасыны жыл аяғына дейін азық-түлік себетімен қамтамасыз етпек. Ал, Индер аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасыны қамқорлығына алды.

Жылыой ауданының «Теңіз» кенішіндегі мердігер мекемелердің бірі – «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев 100 мүшесі бар бірнеше жанұяның әрқайсысына 10 мың теңгенің азық-түлік сертификатын табыстады.

«Біздің компания қамқорлықты қажет ететін отбасыларға ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Мұндай қолдау алдағы уақытта жалғаса береді», - дейді Орақ Бисембиев.


Жоғары қарай