Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 29 маусым 2021 21:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы басталады.

10.00-де Zоом сервисінде жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтеді.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, ШЖҚ МҚК «Көпбейінді медициналық орталық» директорының орынбасары Сәуле Атығаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев, м.ғ.д., МВА, ҚДСЖМ эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ғасыр саңлағы, күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы және Ұлттық домбыра күні аясында «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» атты Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорындағы домбыралар коллекциясынан ҚР Ұлттық музейімен бірлескен көрмесі ашылады.

12.15-те ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан қаласның әкімі Алтай Көлгінов «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Нұр-Сұлтан қаласның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай