Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30 мыңнан аса отбасыға құрбандыққа шалынған мал еті таратылды

2020 жылдың 1 тамыз 2020 15:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі уақытқа дейін 30 715 отбасыға құрбандыққа шалынған мал еті жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде.

Сондай-ақ, WWW.QURBAN2020.KZ қайырымдылық жобасы аясында құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы оң пікірлер келіп түсуде.

Еске салсақ, Құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасыға ет таратылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.




















Басты сөздер: Дін,
Жоғары қарай