Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30 шілде күні Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылады

2020 жылдың 26 шілде 2020 14:55

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Экспресс-103» және «Экспресс-80» ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыруға дайындық аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, 2020 жылдың 25 шілдесінде мемлекеттік комиссия ғарыштық мақсаттағы зымыранның, мамандардың, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің ұшыруға дайындығын қарап, ғарыш айлағының №200 старт кешеніне ғарыштық мақсаттағы зымыранды шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.

Бүгін таңертеңнен зымыранды технологиялық жанармай құю алаңынан старттық кешенге тасымалдау және оны орнату жұмыстары басталды.

«Бриз-М» үдеткіш блогы мен ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру 2020 жылдың 30 шілдесіне, Нұр-Сұлтан уақытымен 03:27:42-ге жоспарланған.

«Экспресс-80» және «Экспресс-103» — «Экспресс-1000Н» спутниктік платформа базасында академик М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» компаниясында дайындалған орта санаттағы ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппараттары.

Спутниктер белгіленген және жылжымалы байланыс қызметтерін, цифрлық телерадио хабар таратуды, «Интернет» ақпараттық-телекоммуникация желісіне жоғары жылдамдықты, сондай-ақ Ресей аумағында және ТМД елдерінде C-, Ku- және L- диапазондарда мәлімет беруді қамтамасыз етуге арналған.





Автор: Сара Қабиқызы


Басты сөздер: Байқоңыр, Ғарыш,
Жоғары қарай