Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

31 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылдың 31 мамыр 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 31 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




55 жыл бұрын (1965) Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Жомарт Хайдарұлы МҰРАТОВ дүниеге келді.

Киев қаласында (Украина) туған. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.

Еңбек жолы: токарь шәкірті, бизнес саласында түрлі басшылық қызметтер атқарған, 2004-2009 жылдары «Жәрдем-Агро» аграрлық-инвестициялық компаниясы» ЖШС атқарушы директоры, 2009-2010 жылдары ШҚО Құрылыс басқармасының басшысы, 2010-2012 жылдары Ұлан ауданының әкімі, 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2013 жылдың шілдесінен.





43 жыл бұрын (1976) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы КАЛЕНДЕРОВ дүниеге келді.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» ЖШС бухгалтері болып бастаған. 1998- 2000 жылдары «Шың» ЖШС бухгалтері, 2000-2003 жылдары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде және Жамбыл облыстық филиалында маман, бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, 2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2011-2013 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2013 жылдың маусым айынан бастап Қордай ауданының әкімі қызметін атқарды. Тараз қаласының әкімі (2013-2017); Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы (2017-2019) болды.

Қазіргі лауазымына 2019 жылғы сәуірде тағайындалды.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай