Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

31 мамырда ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

2020 жылдың 31 мамыр 2020 00:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 мамырда ел аумағының басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан, аптап ыстық сақталады. Алайда, республиканың батысы мен солтүстік батысында циклонның әсерінен кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күн күркіреуі ықтимал.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің күшеюі 15-20 м/с, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, найзағай, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының батысында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай