Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

37 волонтер санитарлық талаптардың сақталуын тексеруде - Ақмола облысы

2020 жылдың 10 қазан 2020 16:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Қоғамдық бақылау тобы өңірдегі адам көп жиналатын орындардың санитарлық талаптардың сақталуына сай болуын тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Олеся Баимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірдегі қоғамдық бақылау тобының мүшелері – 37 волонтер облыстың барлық өңірінде санитарлық талаптардың сақталуына тексеріс жүргізуде. Жалпы, үстіміздегі жылдың 11-ші шілдесі мен 1-ші қазаны аралығында облыста 70 аурухана мен провизорлық станционар, 1050 шағын және орта бизнес, 600 гуманитарлық көмек көрсететін орын, 4296 дәріхана, 15 мектеп, 370 адам көп жиналатын орын, 24 блокпост тексерілді. Сол кезде карантиндік және санитарлық бұзғандарға тиісті ықпал ету шаралары қолға алынды», – дейді Олеся Баимова.

Сонымен бірге, ол қазіргі кезде өңірде санитарлық талаптардың, оның ішінде әлеуметтік қашықтық, маска режимінің сақталуына ерекше көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.

«Қазіргі таңда негізінен ірі қалалармен салыстырғанда шағын елді мекендерде санитарлық талаптар сақталған. Тексерілген нысандардың көпшілігі санитарлық нормаларға сай, кіре берістеріне санитайзер орнатылған, қызметкерлер мен персоналдарда маска және саусаққап бар. Ал, ірі сауда орындары сияқты адамдар жиналатын нысандардың кіре берістерінде келушілердің дене қызуы тексеріліп отырады. Демалыс күндері кейбір ірі сауда орындары мен көпшілік нысандардың жұмыстары уақытпен шектелгендіктен адам саны аз. Дүкендердің көбінде маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталған. Білім беру орындарындағы санитарлық жағдай да мектеп басшылығы мен жергілікті биліктің бақылауында.

Дегенмен, азаматтар тарапынан карантин талаптарының сақталмағандығы жөнінде шағымдардың басым көпшілігі шағын бизнеске қатысты түсетінін ескерсек, кейбір тұтынушылар маскамен болғанымен, керісінше дүкен сатушылары маскасыз немесе масканы тұрыс тақпаған жағдайлар да кездесіп қалады», - деп толықтырды Олеся Баимова.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы тамыздың 11-інде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі медициналық мекемелердің ішіндегі жағдайды бақылау бойынша халық белсенділерінен құралған қоғамдық бақылау құрылатынын атап өткен еді. Бұл бастама ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан қолдау тапқан болатын.











Жоғары қарай