Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

4 дүркін Олимпиада чемпионы допинг ережесін бұзғанын мойындады

2020 жылдың 25 ақпан 2020 13:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіруші, төрт дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы британдық Мо Фарах допингке қарсы ұйымдардан L-карнитин затын қолданғанын жасырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2014 жылғы Лондон марафоны қарсаңында L-карнитин жеңіл атлеттің ағзасына төрт рет енгізілгені анықталды, алайда бұл туралы допингті бақылауға арналған формада көрсетілмеген.

L-карнитин егер рұқсат етілген 50 мл мөлшерден асқан жағдайда допинг деп саналады. Допингке қарсы ұйымдардың деректері бойынша Фарахтың жағдайында мөлшері аспаған, сондықтан спортшыны тек допингті бақылауға арналған формада затты қолданғаны жөнінде көрсетпегені үшін ғана айыптауға болады.

Ал спортшының бапкері Альберто Салазар бұл жағдай туралы білген. Жаттықтырушы Салазар спорттан шеттетілген болатын.

Мо Фарахтың аталған затты қолданғаны жайлы бірнеше жылдан кейін ғана допинг-комиссарларымен болған сұхбат кезінде белгілі болды.

Фарах әуеліде бәрін жоққа шығарды, бірақ кейінірек ол инъекциялар туралы ұмытып кеткенін және заттың атын есіне түсіре алмағандығын мәлім етті.


Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай