Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

4 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2019 жылдың 3 қараша 2019 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі дүйсенбі, 4 қараша күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы жариялаған Жастар жылының нәтижесі және Волонтерлар жылын өткізуге дайындық» тақырыбында үкіметтік сағат өтеді.

Сағат 10.00-де Құқыққорғау органдарының академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлер үшін кәсіби қайта даярлау курстары ұйымдастырылады.

Сағат 10.00-де «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтарды жеке қабылдайды.

Сағат 11:00-де Тәуелсіздік сарайында жастар арасында жұмысшы мамандықтарды ақпараттық-насихаттау жұмыстары бойынша кешенді шаралар ұйымдастырылады.

Сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихаты басталады. Спикер – Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сағат 15:00-де SOS Балалар қалашығына пресс-тур өтеді.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарының қатысуымен елорданы газдандыру бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де «Ғылым ордасы» РМК-да «Қазақстан жәндіктерінің ғажайып әлемі» атты балалар шығармашылығының байқауы өтеді.

Сағат 19:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған кеш басталады.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай