Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

4 мамырдан бастап Үндістанда болған шетелдіктер АҚШ-қа кіре алмайды

2021 жылдың 3 мамыр 2021 13:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістандағы коронавирустың таралу жағдайы көптеген елдерге арнайы шара қабылдауға итермелеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпараттың телеграм каналы жариялаған мәліметке сәйкес, Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі табылды. Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады. Бұған дейін Малайзия билігі Үндістанмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын.


Албания билігі Ресейдің « Спутник V « вакцинасын тіркеді, препараттың алғашқы партиясы елге жеткізілді. Албания Ресей вакцинасын қолдануға рұқсат етілген 64-ші ел болды.
АҚШ президенті Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды. Соңғы екі аптада Үндістанда болған шетелдіктер 4 мамырдан бастап елге кіре алмайды.
Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бойынша Түркия әлемде 5-ші орынға шықты- 4,87 миллионнан астам жағдай.
Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік өсімі бойынша жаңа антирекорд тіркелді-3 689 жағдай. Бұл туралы ҚазАқпарат толық мәлімет жариялаған еді.


Жоғары қарай