Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

4 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 4 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бейсенбі, 4 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




94 жыл бұрын (1926-2013) әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Ермек Бекмұхамедұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келген.

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы - Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұл, Амангелді, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкийді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразы» Фигароны, «Укрощение строптивой» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырлар және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласында да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т.б. фильмдерге түскен. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан қазіргі кезге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс береді. 2006 жылы - Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. 1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11-шақырылымдарының депутаты.

«Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері.




63 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы ШПЕКБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында туған. 1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

1974-1975 жылдары - Талғар қаласы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының студенті; 1975-1977 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте; 1978 жылы - Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі; 1980-1984 жылдары - Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы; 1984-1988 жылдары - Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі; 1988-1989 жылдары - Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы; 1989-1991жылдары - Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы; 1991-1993 жылдары - Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясының тындаушысы; 1994-1995 жылдары - Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы; 1995-1997 жылдары - Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы; 1997-2000 жылдары - жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары; 2000-2003 жылдары - Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы. 2003-2008 жылдары - Қазақстан Республикасның ішкі істер вице-министрі. 2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі; 2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары; 2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары. 2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (2017-2019).

2019 жылғы маусымнан бері қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарімен, сондай-ақ ведомствалық медальдарымен наградталған. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Алматы облысының Құрметті азаматы.




55 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1-ші қызметінің басшысы Серік Рысқалиұлы ШАЛАБАЕВ дүниеге келген.

Маңғыстау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін құқықтану мамандығымен бітірген (1992).

Еңбек жолы: Ақтау қалалық прокуратурасының тергеушісі (1992); Маңғыстау облысы прокуратура басқармасының тергеушісі, аға прокуроры, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығы (1994-1998); Ақтау гарнизонының әскери прокуроры (1998-2000); ҚР бас әскери прокурорының орынбасары (2000-2001); Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры (2001-2003); Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2009); ҚР Бас прокурорының аппараты басқармасының бастығы (2009-2011); ҚР Бас прокуратурасы департаменті бастығының орынбасары (01.2011-07.2011); Алматы облысы прокурорының орынбасары (2011-2012); Атырау облысы прокурорының орынбасары (2012-2018); ҚР бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары (04.2018-08.2018); Құқық қорғау органдары академиясының проректоры (2018-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурызынан.




54 жыл бұрын (1966) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ-да заң қызметінің бастығы қызметінен бастаған. 1997-2003 жылдары «Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Бас директоры, «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2003 жылдан бастап энергетика саласында жұмыс жасаған, «Қазақстанның коммуналдық жүйелері» АҚ Президенті, «Маңғыстау электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы болып жұмыс істеген. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2015-2019). Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы (2019-2020).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2020 жылғы сәуір айында кірісті.




46 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы БАЛАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары. 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы. 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың мамырынан бері.




41 жыл бұрын (1979) Еуразия экономикалық комиссиясы көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Сағымбайұлы НҰРАХМЕТОВ дүниеге келген.

Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін; Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық Университетті бітірген.

Еңбек жолы: ҚР Әділет министрлігі жанындағы Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметкері (2002); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпараттық-талдау орталығының қызметкері, құқықтық жұмыс басқармасының қызметкері, корпоративтік жобаларды нормативтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері, корпоративтік даму департаментінің қызметкері, стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру департаментінің қызметкері, интеграциялық саясат департаментінің қызметкері (2003-2012); көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары (2012-2013); көлік және инфрақұрылым департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы (2013-2014).

Қазіргі лауазымын 2014 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай