Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

4 тамыз. Туған күн иелері

2020 жылдың 4 тамыз 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




63 жыл бұрын (1957) Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.

1979 жылдан - №110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасары. 1992-1993 жылдары - «Қаратау» қауымдастығының бас директоры. 1994-1997 жылдары - «Бірлік» кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жылдары - «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы. 1999-2003 жылдары - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі. 2010 жылы - Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы желтоқсаннан бері.





52 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Талғат Амангелдіұлы МОМЫШЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары – «Қарахан» БК Атқарушы директоры. 1997-1998 жылдары – Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары. 1998 жылы «Интержүйе» ЖШС президенті болды. 1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.1999-2000 жылдары – Жамбыл облыстық Инвестициялар және Сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы. 2000-2003 жылдары – «Метрология» РМК-ның Алматыдағы филиалының директоры. 2003-2005 жылдары – «Қазсертико» МҒПО РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы. 01.2005-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (2010 жылдан бері Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2019 жылғы сәуірден бастап.





39 жыл бұрын (1981) «Қазақстан ипотека компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Бектасұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығын және Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Чикаго университеті жанындағы Бут атындағы бизнес мектебін (ЕМВА дәрежесі) бітірген.

Еңбек өтілі: 2004-2010 жылдары – «Арал ПетроллиумКэпитал» ЖШС вице-президенті, PLS Канада «CaspianEnergyInc» директорлар кеңесінің мүшесі. 2010-2011 жылдары – «Отан» АЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы. 2008-2016 жылдары – «АзияКредит Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай