Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

4 жасар жетім баланы мүгедектер орталығына өткізе салуға болмайды – депутат

2021 жылдың 31 наурыз 2021 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 жасқа толған кезде арнайы балалар үйіндегі сәби жетімдер үйіне немесе мүгедектерге арналған арнайы орталыққа ауыстырылады. Бұл бала психологиясына кері әсер етеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың қалыптасуына айтарлықтай нұқсан келтіірп отырған тағы бір фактор бар. Мысалы, тастанды бала перзентханадан арнайы балалар үйіне әкелінеді. Жаңа туған сәбидің көзін аша салып көретіні – тәрбиеші. Ол тәрбиешіні анасындай қабылдайды, басқаша болуы мүмкін емес. Арнайы балалар үйі – сәбидің отбасы болып саналады. Ал біз сол сәби 4 жасқа толған кезде жетімдер үйіне немесе мүгедектерге арналған арнайы орталыққа береміз. Маман ретінде айтарым, баланың 1-6 жас аралығындағы өмірі баланың болашақ өміріне азық болады. Бала өмірінің негізгі іргетасы осы кезеңде қаланады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Тілеуханова.

Ол баланы 4 жастан бастап басқа ортаға алып барудың зияны туралы айтты. Біріншіден, балаға психологиялық тұрғыда зиян келтіреміз. Екіншіден, арнайы балалар үйінде көбіне ағайындылар болады.

«Мысалы, біреуі 4 жаста болса, екіншісі 5 жаста. Сонда ағайынды екі баланы 4 жасқа толғаннан кейін екі жаққа бөлеміз. Ал мүмкіндігі шектеулі балаларға келетін болсақ, жағдай тіптен мүшкіл. Арнайы балалар үйінде мүгедек бала қасындағы сау балалармен бірге өседі. Оларға қарап еліктеп өседі. Ал біз ол мүгедек баланы жақсы ортадан алып, мүгедектерге арналған ортаға тыға саламыз. Осылайша біз ҚР Мүгедек туралы заңының 14-бабы, 1-тармағы және ҚР Білім туралы заңының тармақтарының бұзылуына жол беріп отырмыз. Осы мәселені шешу үшін арнайы балалар үйінде сәби 6 жасқа дейін болуы үшін бюджеттен қосымша 32 386 000 қаражат бөлуді қарастыруды сұраймыз», - дейді ол.


Жоғары қарай