Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін

2020 жылдың 2 сәуір 2020 12:33

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларын орындайтын жеке ұйымдармен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарды.
Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады.

Займдарды кейін төлеу рәсімін түсіндіруге арналған жедел байланыс телефоны:

+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін,
сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін, жексенбі – демалыс)



ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі


Басты сөздер:
Жоғары қарай