Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

5 шілде күні ауа райы қандай болады

2020 жылдың 5 шілде 2020 01:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 5 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикамыздың оңтүстік және шығыс бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай жарқылдап, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағаңды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай