Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажет» деген ақпарат жалған - министрлік

2021 жылдың 24 мамыр 2021 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажеттілігі» туралы тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметтер үшін 3 120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуы міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз», делінген хабарламада.

Ведомство жалған ақпаратты таратуға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.


Жоғары қарай