Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

500-ге жуық қазақстандық кәсіпорын 18,3 мың жұмыскерге жалақы төлемеген

2020 жылдың 8 шілде 2020 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскерге 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы төленбегені анықталған.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары аталған кәсіпорындардың басшыларына 315 ұйғарым беріп, 41,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған.

«Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,78 млрд теңге жалақы төленді.

Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,9 мың тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 3 мың фактісін анықтады және 91,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай