Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу қажет

2020 жылдың 23 наурыз 2020 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу қажет. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжірибе «тәуекел тобы» деп аталатын тұлғалардың медицина жүйесіне үлкен жүктеме салатындығын және олардың арасында өлім-жітімнің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Олар денсаулығында кінәраты, созылмалы аурумен ауыратын 55 жастан асқан азаматтар. Олардың жұмысқа шығуын барынша шектеп, үйде оқшаулану режимімен қамтамасыз ету қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын уақытша жабу қажеттігін баса айтты. Бұл ретте барлық қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиістігін қатаң ескертті.

«Халықтың кіруі сақталатын қоғамдық нысандарда санитарлық өңдеу талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бұл ретте ешқандай «үнемдеу» мен «оңтайландыруға» жол жоқ», -деді Қазақстан Президенті.


Жоғары қарай