Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

553 ауылдың әкімдігінде цифрлық қызмет орталықтары ашылады

2021 жылдың 31 мамыр 2021 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 553 ауылында әкімдіктер жанынан өз-өзіне цифрлық қызмет көрсету бекеттері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ақмола облысына жасаға сапарында айтты. Министрлік өкілі аталмыш облыстағы Андреевка ауылының әкімдігінде ашылған бірінші бекеттің жұмысымен танысқан болатын.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде ауылдық елді мекендерде eQoldau жалпыға қолжетімді пункттерінің желісін құрды. Олардың көмегімен тұрғындар мемлекеттік қызметтерді жеңіл әрі тез алып, электронды сауда алаңдарында техника мен түрлі тауарларды, сондай-ақ теміржол және авиабилеттерді сатып алады. Коммуналдық қызметтерге онлайн-төлем жасау, дәрігердің қабылдауына жазылу, телемедицина сервистеріне қол жеткізу, пошта және курьерлік қызметке тапсырыс беру, eQoldau арқылы Wi-Fi сигналын алу сияқты электронды сервистердің игілігін көреді», - дейді вице-министр.

Асхат Оразбек осы сияқты өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары бүкіл ел бойынша 553 ауылдық әкімдікте орнатылатынын атады.

«Бұл жобаны қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюдың тағы бір қадамы деп санауға болады. Бұрынғыдай аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Былтыр еліміз бойынша 1250 талшықты-оптикалық байланыс желісі орнатылды. Андреевка ауылы – осындай құрылғыны орнатылған алғашқы ауыл. eQoldau ашық қолжетімділік пункттері арқылы ауыл тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңбаларды алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Egov.kz порталын, Enpf.kz бірыңғай зейнетақы қорының сайтының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Жалпы жаңа бөлімдер мен қызметтерді қосу арқылы серіктестік экожүйесін дамыту жоспарлануда», - деді министрдің орынбасары.

Шара барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» арасында өзге де ауыл әкімдіктерін қоғамдық қол жеткізу пункттерімен жабдықтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Жоғары қарай