Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

5G интернетке әуелі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қосылады

2019 жылдың 30 шілде 2019 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бас қаржы директоры Асхат Өзбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Tele2 АВ шведтік байланыс операторының 49 пайызын не үшін сатып алғандарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтелеком» өкілінің айтуынша, бұл қадам Kcell және Tele2 операторларының техникалық мүмкіндіктерін бір арнаға тоғыстырып, желілерді күтіп ұстау шығындарын азайтады.

«Бұл қадам біздің желілерді күтіп ұстауға кететін және операциялық шығындарымызды азайтады. Бұл өз кезегінде қарапайым халық үшін қызмет құнының қолжетімді бола түсуіне ықпал етеді. Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-орын алғанымен, халқының қоныстану тығыздығы өте сирек. Сол себепті желілерді күтіп ұстау шығындары көптеген елдерге қарағанда жоғары. Осы себепті тіпті 5G интернет те елімізге жылдамырақ келуі мүмкін», - деді Асхат Өзбеков.

Ол сондай-ақ, қазіргі Қазақстан аумағына 5G ұлы байланысын енгізу қаншалықты қажет деген сауалға тоқталды.

«Интернет сапасы соңғы кезде жылдан-жылға жақсарып келеді. Осыдан 5-6 жыл бұрын WhatsApp арқылы келген қысқа бейнелерді ғана көре алсақ, қазір балалар мобильді интернет арқылы кез келген орында сүйікті мультфильмдерін көре беретін болды. Қазіргі интернет жылдамдығы елдің қажеттілігін толық өтеп отыр. Дегенмен, біздің еліміз 5G интернетті ең алғашқылардың бірі болып іске қосады. Бұл біздің стратегиялық мақсаттарымыздың бірі. Ең әуелі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қосылады. Ал негізінде қазіргі қажеттілігімізді 4G еркін жауып тұр. Әрине 5G-дің келуімен қызмет сапасы да, жылдамдық та өзгереді. Ол үшін әуелі елдегі инфрақұрылым бұған сай болуы керек», - деді компания өкілі.

Жоғары қарай