Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

6 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылдың 6 сәуір 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 6 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР





71 жыл бұрын (1949) суретші-кескіндемеші, этнограф-қарутанушы, Қазақстан Суретшілері одағының мүшесі Қалиолла Саматұлы АХМЕТЖАН дүниеге келген.

Ақмола облысында туған. Алматы көркем өнер училищесін (1977), КСРО көркем өнер академиясына қарасты И.Е. Репин атындағы Ленинград көркем сурет, мүсін және архитектура институтын (1977) бітірген.

Еңбек жолы: Ұ.Таңсықбаев атындағы Алматы көркем өнер колледжі (1977-1996); Қазақстанның мемлекеттік орталық мұражайы (этнология бөлімінің ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, 1996-2000); ҚР ҒА М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты (көркем өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1996-1998); Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталығы (реставтрация бөлімінің жетекшісі, кеңесші-реставратор, 1999-2005).

Ғылыми-үйлестіру қызметі: Ұ.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемөнер колледжінде көркем сурет бойынша циклдық комиссия төрағасы, көркем өнер-педагогика бөлімінің жетекшісі (1977-1996).

2007 жылы Мәскеуде өткен IV халықаралық «Кітап өнері» сайысында «Этнография традиционного воооружения казахов» атты монографиясы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен; 2006 жылы ҚР Көркем өнер академиясының мәдениетті, көркем өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет дипломымен және алтын белгімен марапатталды; 2011 жылы «Жыл суретшісі» атағына ие болды және Астана қаласының суретшілер одағының «Алтын палигра» сыйлығын алды.

2013 жылы Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдығына орай «Шығармашылықтағы ерекше жетістіктері үшін» медалімен марапатталған.




52 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Раушан Кәкімсейітқызы ЕСБОЛАТОВА дүниеге келген.

1988 жылы Ұлттық экономика институтын (Алматы) және 1995 жылы Менеджмент және туризм институтын (Аустрия, Симмеринг) бітірген.

1998 жылдан бері дипломатиялық қызметте. ҚР СІМ орталық аппаратында, ҚР Бельгиядағы Елшілігінде әртүрлі лауазымда қызмет етті. Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы (2001-2005); Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің кеңесшісі (2005-2006); Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі (2006-2009); Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы (2009-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.




37 жыл бұрын (1983) VI шақырлымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наринэ Гамлетовна МИКАЕЛЯН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін аяқтаған.

Еңбек өтілі: «Наири» ҚР Армян мәдени орталықтар қауымдастығы жастар қанатының төрағасы; «Луйс» армян мәдени орталығы» ҚБ жастар қанатының төрағасы болған. «Луйс» армян мәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары, төрағасы болған.

Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері.




34 жыл бұрын (1986) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Елісұлы ӘБДІҚАДЫРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Экономика магистрі.

2009-2010 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық қызмет департаментінің инвестициялық жобаларды басқару сарапшысы. 2010-2011 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару бас сарапшысы. 2011-2013 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару жетекшісі. 2013-2014 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары. 2014 жылдың ақпан- қазаны - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2015-2016 жылдары- Павлодар облысы индустриялдық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі. 2016 жылдың тамызы-2019 жылдың сәуірі – Астана қаласы әкімдігінің инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі. 2019 жылдың 17 сәуірінен - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы. 2020 жылдың 10 ақпанынан – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай