Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

6 сәуірден бастап «Balapan» телеарнасында мектеп оқушыларына арналған бейнесабақтар көрсетіледі

2020 жылдың 27 наурыз 2020 22:55

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшеді.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасында көрсетеді. Дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 09:00-ден бастап 15:00 аралығында 1-11 сыныптың оқу пәндері бойынша барлығы 2042 бейнесабақ өткізу жоспарланған.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар арнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Бейнесабақтарды көпшілікке оңай қолжетімді ету мақсатында «Balapan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсету жоспарланып отыр.


Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай