Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

6 тамызға арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 6 тамыз 2020 02:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

ҚР батысында, шығысында және оңтүстік-батысында биіктіктегі жыралардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі, дауыл күтіледі, батыста және орталығында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлірінде дауыл күтіледі. Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады

Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай