Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

600-ден астам қазақ Өзбекстанның мемлекеттік наградасына ие болды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 22:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 630 қандасымыз көрші өзбек елінің мемлекеттік наградасына ие болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін айтқанымдай, біздің елдің дамуына үлесін қосушылар қатарында қазақ бауырлас халқы да бар. Осы орайда 630 қазақ ұлты өкілі түрлі сала бойынша Өзбекстан мемлекетінің мемлекеттік наградасымен марапатталды. Біз бауырлас Қазақстан елімен аталған бағыттағы достық қарым-қатынасты жалғастыра беретін боламыз», - деді Саидикрам Ниязходжаев елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Елшінің сөзіне сенсек, бүгінгі таңда Өзбекстан елінде 800 мыңнан астам қандасымыз тұрып жатыр.

«Қазіргі таңда Өзбекстанда 822 мың қазақ өмір сүріп жатыр. Олар Өзбекстан елінің дамуына өз үлесін қосуда. Біздің елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім беріп жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр. 1992 жылдан бері Өзбекстанның 30 облыс орталығында қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр», - дегентұғын еліміздегі өзбек елшісі.

Бұған дейін, Саидикрам Ниязходжаев биылғы 6 ай ішінде Қазақстан мен Өзбекстан елі арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларға жеткенін мәлім етті.

Сондай-ақ, Өзбекстан елшісі екі ел аумағында бірлескен фармацевтика өнеркәсібін ашу жоспарланып жатқанын айтты.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Өзбекстан, Қандастар,
Жоғары қарай