Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 29 мың өтінім мақұлданды

2021 жылдың 29 қаңтар 2021 18:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 50 753 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша несие алуға 598,4 млрд теңгеге 50 753 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 348,7 млрд теңгеге 29 435 өтінім мақұлданды»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.


Жоғары қарай