Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«7-20-25» бойынша берілетін несиенің шегі көтеріле ме

2021 жылдың 8 қыркүйек 2021 10:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері баспана бағасының қымбаттауы байқалды. Осыны ескеріп, «7–20–25» бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің шекті бағасын көтеру жоспарда бар ма? «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бұл сауалына ҚР Ұлттық банкінің мамандары жауап берді.

Банк жауабына сенсек, жыл басынан бері «7–20–25» бағдарламасы бойынша сатып алынған үйлердің орташа бағасы құжатта көрсетілген шекті бағадан 14-28% төмен болған. Осыны алға тартып, Ұлттық банк несиенің шекті мөлшерін көтеруге негіз жоқ деген қорытындыға келіпті. Бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді.

«Бағдарламада өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйге 3 баға лимиті көзделген. Бұл:

– Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 25 млн теңгеге дейін. Аталған 5 қалаға 2021 жылы бағдарлама бойынша берілген қарыздардың 71%-ы тиесілі. Сол 71%-несиеге сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны 18 млн теңге болған.

– Қарағанды қаласында 20 млн теңгеге дейін шек қойылған. Мұнда 2021 жылы несиеге сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны 16,8 млн теңгені құрайды;

– қалған өңірлерде несие шегі 15 млн теңгеге дейін. Ал сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны – 12,9 млн теңге.

Жоғарыда айтылғандай, тұрғын үйдің орташа бағасы шекті бағадан 14–28% төмен. Бұл «7–20–25» бағдарламасы шеңберінде сатып алу үшін тұрғын үйдің ең жоғары құнын арттыруға негіз бермейді», - деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Тұрғын үй, Ипотека,
Жоғары қарай