Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

7 айда елімізде 61 308 баспана пайдалануға берілді - Бейбіт Атамқұлов

2020 жылдың 11 тамыз 2020 10:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 7 айының қорытындысында елімізде 61 308 баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-шілде айларында 106,3 пайызды құрады. Өсім өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. 16 өңірде оң динамика байқалады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй құрылысы саласындағы 7 айдың қорытындысында 6 млн 9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайыз көп.

«Республика бойынша барлығы 61 308 баспана пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 15 өңірде тіркелген. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлер салу көлемінің төмендеуі салдарынан Атырау және Түркістан облыстарында төмендеу байқалады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның дерегінше, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

«Осы жоспарға қол жеткізу үшін өңірлерге сәуір айында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің 15 мың пәтерінің құрылысына қосымша 180 млрд теңге бөлінді», - деді ол.


Жоғары қарай