Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

7 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында тұман болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Көкшетауда тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Түркістанда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай