Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 22 мамыр 2020 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысыныңкей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысындаоңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысыныңбатысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай