Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

7 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 7 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




78 жыл бұрын (1941) ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы ЖҰРЫНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған.

Қазақ химия-технологиялық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет атқарды (1970-1982). 1982 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры. 1985 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. 1991 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры. 1997-2001 жылдары Қ.А.Ясcауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті. 2001 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Органикалық катализ және электрохимия» институтының директоры қызметіне ауысты.

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1989), «Парасат» (2005 ж.), «Барыс» (2011 ж.) ордендерімен және мемлекеттік медальдармен марапатталған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының, АҚШ-тың Кентукки штатының, сондай-ақ Арыс, Түркістан, Кентау және т.б. қалалардың құрметті азаматы.




70 жыл бұрын (1949) ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ләззат Кетебайұлы ҚИЫНОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы Таушық ауылында туған. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері. Техника ғылымының докторы (1994). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Батыс Қазақстан кен орындары жағдайында мұнай өндірудің энергия сақтаушы технологиясы». Халықаралық академияның академигі. 1977-1979 жылдары партияның Маңғышылақ облыстық комитетінде өнеркәсіп-көліктік бөлімінде инструктор болып жұмыс істеді. 1979 жылы «Мангышлакнефтепромхим» аумақтық-өндірістік басқармасында бас инженер болып жұмыс істеді. 1982 жылы Қаражанбас қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша басқарманың басшысы және «Каражанбастермнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1987 жылы «Комсомольскнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1992 жылы «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді. 1993-1995 жылдары Маңғыстау облысы әкімшілігінің басшысы болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары болды. 1997 жылы Каспий құбыры консорциумында Бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2002 жылдарында Маңғыстау облысының әкімі. 2002 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Президенті. 2003 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице министрі болып жұмыс істеді. 2011-2013 жылдары «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2013 - 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. «Парасат», «Отан» ордендерімен және медальдармен марапатталған.




48 жыл бұрын (1971) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің мүшесі Магеррам Мамедұлы МАГЕРРАМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Академик У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген (2009).

Еңбек жолы: «Тахмина» ХЖҚ экспедиторы (1992-1993); «Трабзон» ХЖҚ директоры 1993-1994); жеке кәсіпкер (1995-2000); «Зарина» шаруа қожалығының директоры (2000-2001); ҚКП Алматы облыстық комитетінің мүшесі, бірінші хатшысы (2001-2004).

2016 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.




42 жыл бұрын (1977) Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Әсел Абылайқызы ЖҮНІСОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетін тәмәмдап, 2001 жылы аталған ЖОО-да магистр дәрежесін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару жоғары мектебінің магистрі дәрежесін иеленген (Токио, Жапония).

Еңбек жолы: «Қазақойл – АЗС» ЖШС қаржы талдаушысы (1999-2000); ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стра­тегиялық жоспарлау және бақылау жөнін­дегі департаментінің жетекші маманы (2000-2001); ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стратегиялық жоспарлау және бақылау жө­ніндегі департаментінің стратегия және салалық даму бөлімінің бас маманы (2001-2002); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік кірме және несиелеуді жоспарлау департаменті мемлекеттік қарызды талдау бөлімінің басшысы (2002-2003); «ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Сам­ғау» ұлттық ғылыми-техно­логия­лық холдингі АҚ (2003 – 2008); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сектор меңгерушісі (2008 – 2010); Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2010 – 2013); «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары (2013-2014); «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты жетекшісі (2014-2015).

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың мамырынан.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай