Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

70 пайыз кәсіптерге стандарттар әзірлеу қажет - ҰКП

2021 жылдың 3 қыркүйек 2021 13:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіптердің 70 пайызына кәсіптік стандарттар әзірлеу қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай заң (ҚР Президенті Жолдауында айтылған «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң) білімге жұмыс берушілер қоятын талаптарды реттейтін болады. Бұлар кәсіптік стандарттар. Қазіргі уақытта бізде 580-нен астам кәсіптік стандарттар бекітілген. Дегенмен, бұл барлық кәсіптердің тек қана 30 пайызын құрайды», - деді ол «Жолдау 2021: іске асыру жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында

Оның атап өтуінше, бұл бағытта атқарылуы тиіс жұмыс көлемі өте үлкен.

«Яғни, алда жұмыстың үлкен көлемі тұр. 70 пайыз кәсіптік стандарттар әзірлеу қажет. Кәсіби біліктіліктер туралы аталған заң аясында бұл жұмыстарды үйлестірумен айналысатын жеке органның құрылатындығына үміт бар. Әрбір салада мұндай кәсіптік стандартың болуы өте маңызды», - деді Азамат Бейсенбенов.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.


Жоғары қарай