Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

700 мың рет жалға берілді: Астанада «Velobike» веломаусымы аяқталды

2021 жылдың 3 қараша 2021 10:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтан қаласында «Velobike» велосипедтерді жалға алу маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Биыл елордада «Velobike» веломаусымы 15 сәуірден 31 қазанға дейін созылды. Осы уақыт ішінде велосипедтерді 11 мыңнан астам адам пайдаланды, 12 мыңнан астам абонемент сатып алынды. 700 мың рет жалға алу іске асырылды.

Веломаусым басталғаннан бері пайдаланушылар 1,5 миллион шақырым қашықтықты жүріп өткен. Олардың бірі осы кезеңде 7,5 мың қашықтықты еңсерді.

Биылғы маусымда қаланың әр жерінде 155 велостанция орнатылып, жалға алуға барлығы 1 мыңнан көп велосипед ұсынылды.

Еске салайық, Қазақстандағы алғашқы велошеринг жүйесі елордада 2014 жылы іске қосылды.

Бүгінде велосипедті жалға алу процедурасы жеңілдетілген. Ол үшін velobike.kz сайтында онлайн тіркеуден өтіп, логин мен пароль алу жеткілікті. Kaspi.kz және Qiwi арқылы онлайн төлеу функциялары енгізілді. Велосипедтерді 16 жасқа толған азаматтар жалға ала алады. Абонементтерді velobike.kz сайтында және City Transportation Systems кассаларында сатып ауға болады.

Айта кетейік, веломаусым аяқталғаннан кейін абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды. Тек теңгерім ауыстырылады. Қажет болған жағдайда шоттағы қаражатты Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан қайтаруға болады.

Жаңа веломаусым 2022 жылдың сәуір айында қайта басталатыны жоспарланған.


Жоғары қарай