Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

735 мың адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

2020 жылдың 17 ақпан 2020 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 735 мың адам қамтылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 660 мың адам қамтылған.

«450 мың адам жұмысқа, оның 383 мыңы немесе 85 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 150 мыңнан астам адам оқытылды. Оның ішінде 75 мың адам бизнес негіздеріне оқудан өтті. Өз ісін дамыту үшін шамамен 18 мың жеңілдетілген микрокредит, 40 мыңнан астам мемлекеттік грант берілді. Бұл 18 мың қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасады. Мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына 140 мың адам жұмысқа орналастырылды. Солтүстік өңірлерге 9 мыңнан астам адам қоныс аударды. Оның 4,5 мыңы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, олардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған, бизнесін дамытып, басқа да қолдау шараларын алып жатыр», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру еңбек нарығының тұрақтылығына ықпал ететінін, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайтынын атап өтті.

«2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтуды халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен 735 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз мемлекеттік бағдарламаның тетіктерін жетілдірдік. Енді қысқа мерзімді оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ғана жүргізіледі. Көпбалалы және табысы аз отбасынан шыққан мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 4 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредиттер берілетін болады. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастырудың «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жаңа тетіктері енгізілді», – деді министр.


Жоғары қарай