Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 11 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай