Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

8 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды – Жамбыл облысы

2021 жылдың 13 қазан 2021 03:02

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер 8 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан сегіз жыл бұрын 2013 жылдың 6 қараша күні Т. Рысқұлов АПБ-на Құлан ауылының 56 жастағы тұрғыны екі белгісіз тұлғаның автокөлікте келе жатып, оған қатысты қарақшылық әрекеттерін жасап,

пышақпен дене жарақаттарын салғаны туралы арызданған болатын.

«Аталған дерек бойынша ҚК-тің (1997 жылғы басылым) 179-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған. Ағымдағы жылдың 24 тамызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасаған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының 24 және 26 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар екі ай мерзімге қамаққа алынды»,- делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, күдіктілер өздері жасаған қылмыстарын толық мойындаған.

Ведомство Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын ескертеді.


Жоғары қарай