Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

80-нен астам медқызметкер шетелде біліктілігін арттырады - ШҚО

2021 жылдың 5 тамыз 2021 19:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы 80-нен астам медициналық қызметкер шетелде біліктілік арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Медицина саласында адами капиталды дамыту мақсатында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бірегей медициналық жабдықтар мен әлемдік деңгейдегі заманауи техникалар сатып алдық. Бірақ сол техникаларды пайдаланатын дәрігерлердің білімін жетілдірмесек, олардан ешқандай пайда болмайтыны түсінікті. Сондықтан біз арнайы бағдарлама қабылдадық», - деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, сол бағдарлама нәтижесінде бес жарым мың маман Ұлыбританияның, Польшаның және Ресейдің клиникаларында оқу курстарынан өтіп, біліктіліктерін арттырды.

«Биыл пандемияның қиындықтарына қарамастан 82 маман Израильге, Польшаға және басқа да еуропа елдеріне барып, білімдерін жетілдіреді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай