Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

81,3 мың отбасыға құрбандыққа шалынған малдың еті үлестірді - ҚМДБ

2020 жылдың 3 тамыз 2020 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 81,3 мың отбасыға құрбандыққа шалынған малдың етін үлестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғам алдындағы қайырымдылық қызметін жандандыра түсу мақсатында және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай кезінде мұсылмандық міндетті кедергісіз атқаруға оңтайлы ұсыныс ретінде qurban2020.kz жобасын іске қосты.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, осы жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін әр аймақта жұмыс тобы құрылды. ҚМДБ өкілдігі жанынан құрылған жұмыс тобы тәулік бойы қызмет етті. Осы жобаға дін қызметкерлерімен қосқанда 3 924 ерікті, 872 көлік жұмылдырылды.





Елімізде белгіленген 35 стационарлық қасапханада 394 қасапшы жұмыс істеді. Ал әр өңірдегі орталықтандырылған жұмыс тобында 447 адам қызмет етті. Республика бойынша 25 сall-орталық qurban2020 жобасы бойынша тиісті кеңес пен ақпарат берумен айналысты.

Игі іске үлес қосқан еріктілер мен мешіт жамағатының белсенді жұмысының нәтижесінде 81 301 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жетікізілді. Жер-жердегі қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларда да қайырымдылық шаралары өткізілді.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдері айттың бірінші күнінде (31 шілде) көмекке зәру 30 715 отбасыға құрбандық етін үлестірді. Ал айттың екінші күнінде (1 тамыз) 27 741 жанұя мерекелік қуанышқа бөленді.





Құрбан айттың үшінші күнінде (2 тамыз) 22 845 отбасыға ет таратылды. Жалпы алғанда, яғни барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың үш күнінде 81 301 жанұяға ет жеткізілді.





Басты сөздер: Қайырымдылық, Дін,
Жоғары қарай