Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

83 жастағы қария коронавирустан емделіп шықты

2020 жылдың 21 шілде 2020 16:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 83 жастағы ақсақал коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ержан Сералин педиатрлардың ересектерді емдеуге қалай бейімделгенін айтты.

Пандемия басталған кезде қалалық Балалар клиникалық жұқпалы ауруханасының жартысында ересек адамдарға арналған Covid-19 госпиталі ашылған болатын.

«Біздің балалар ауруханамыз, біздің дәрігерлер ересек адамдарды емдеуге тез бейімделді. Студенттер арасында педиатрлар терапия және басқа да мамандықтар бойынша ересектер мен балаларға қатысты жан-жақты және аралас мамандықтарда барлық базалық пәндер өтеді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда, біз қаланың барлық қажетті маманынан толық көлемде медициналық көмек көрсету үшін кеңес алуға мүмкіндігіміз бар. Тіпті, жақында біздің дәрігерлер 83 жастағы қарияны сәтті емдеп жазды», - деді Е.Сералин.


Жоғары қарай