Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

864 әкім халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қызметке келді

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 21:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау нәтижесі саяси партиялардың белсенділік деңгейіне сәйкес келеді. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатта осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сайлауға алты партияның да өкілдері қатысты.Сайланған 864 әкімнің 77,7%-ы немесе 671 адам Nur Otan-ның өкілі болды. «Ауыл» партиясынан 3,8% яғни 33 адам әкім атанса, «Адал» партиясынан 1,7%, яғни 15 әкім, «Ақжол» партиясынан 1,4% немесе 12 адам, Қазақстан халық партиясынан 1,3% немесе 11 адам және ЖСДП-дан 0,1%, яғни 1 адам әкім атанды. Мұндай нәтиже партиялардың сайлау кезеңіндегі де, қалыпты кездегі де саяси белсенділік деңгейіне сәйкес келетінін атап өту керек» – деді Мәлік Мырзалин.

Сұхбат барысында Мәлік Мырзалин биыл 864 әкім қызметке халықтың тікелей дауыс беруі арқылы келгенін айтты.

Сондай-ақ ол дауыс берушілердің ауыл әкімдерінің сайлауына белсенді қатысқанын атап өтті.

«Қазақстан бойынша сайлаушылардың орташа келу көрсеткіші 78,5% болды. Ауылдық округтерде әрдайым халық сайлауға белсенді қатысады», - деді Презиидент әкімшілігі басшысының орынбасары.


Жоғары қарай