Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

9 тамыз. Туған күн иелері

2020 жылдың 9 тамыз 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Ревизия комиссиясының төрағасы Ұлан Сапарұлы БАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (заңгер) тәмамдаған.

1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.1991-1995 жылдары - Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы. 1995-1997 жылдары - «Алматы - Заң» құқықтық орталығының бас директоры. 1997-1999 жылдары - «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының вице-президенті - атқарушы директоры.1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі. 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, «Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамының президенті, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы президентінің аппарат басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.2011 жылғы қаңтардан – 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасы аппаратының жетекшісі. 2015-2017 жж. - Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметін атқарды. 2017-2018 жж. «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.




58 жыл бұрын (1962) «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жақып Нәсіпқалиұлы МАРАБАЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. 1984 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша және 2002 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты (2002).
1984 жылдан - «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері, аға операторы. 1986 жылдан - «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай өндіру технологиясы және техникасы ҒЗЗ бастығы, ОИТҚ ауысым бастығы, ҰКЖ және ҰЖЖ жөніндегі цех бастығының орынбасары, техникалық б өлім бастығы. 1990 жылдан - Алматыдағы «Отан» бірлестігінің «Сфинкс» республикалық концернінің коммерциялық қызметінің директоры. 1991 жылдан ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігінің бас технологы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1993 жылдан - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің теңіз жұмыстары басқармасының бастығы; «ҚазақстанКаспийШельф» ААҚ вице-президенті. 1995 жылдан - Каспий теңізін зерттеу жөніндегі «КазахстанКаспийШельф» халықаралық консорциумы операторының бас директоры, «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингтік компаниясының коммерциялық директоры. 1997 жылдан - «Қазақойл» ҰМК вице-президенті, инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 1999 жылдан - «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, «Қазақойл» ҰМК газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 2001 жылдан - «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының орынбасары 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ инвестициялық жобалар және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ техникалық даму жөніндегі басқарушы директоры. 2007 жылдан - «КаzЕпегgu» Қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы. 2008-2019 жылдары «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының басқарушы директорының орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың ақпан айынан бастап.
«Құрмет», Еуропалық Бизнес-қауымдастығының Королева Виктория ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай