Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АӘК жолындағы алаяқтық абырой әпермейді

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде отбасылық табысы күнкөріс шегінен төмен отбасылардың әр баласына 21 мың теңгеден атаулы әлеуметтік көмек беріле бастағаны белгілі. Ол үшін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» арнайы заң да қабылған еді. Алайда өкінішке орай, соңғы уақытта аталған Заңды белшесінен басып, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін алаяқтық жолға ұрынған отбасылардың әрекеттері де жер-жерден қылаң бере бастады.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілік атқарушы билікпен қулыққа барып, қомақты қаражатты қалталарына басып үлгерген отбасыларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нақты деректерге жүгінсек, Ақтөбе облысының бірнеше тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандары белгілі. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 3,5 миллион теңгеден асып жығылады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы табысы аз отбаслыарға мониторинг жүргізу және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Ақсұлу Жұбаназарова өңірде отбасылық табысын жасыру, уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру арқылы АӘТ-ті қайта алу белең алып отырғандығын айтады.

«Осы жылдың сәуір айының басында өңір тұрғыны Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне АӘК алуға құжаттарын тапсырды. Оған ай сайын 131мың 235 мың теңге төлем есебінен жалпы 1 млн 574 мың 820 теңге әлеуметтік көмек тағайындалды. Ал 236 сәуірде осы азаматша Ақтөбе қаласына уақытша тіркеуге тұрып, АӘК алу үшін қайтадан құжат тапсырған», - деді ол.

Алғалық азаматшаның қулығы жүзеге асып, қалада уақытша тіркелгені үшін оған 1 млн 600 мың 548 мың теңге көлемінде АЭК тағайындалған. Алайда оның мұнай айла-шарғысы ұзаққа барған жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің артық төленген төлемдерді анықтау жөніндегі нұсқауына байланысты тексеру жүргізген Ақөтбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы алғалықтың алдау арқылы 3 айдың ішінде 400 мың 137 теңгені қалтасына басып үлгергендігін анықтады. Қазіргі уақытта ол аталған соманы бюджетке қайтарды.

Тағы бір мысал. Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде Байғанин ауданы тұрғының АӘК алу үшін табысын ең төменгі мөлшерде көрсеткенін анықтады. Үйдің отағасы кәсіпкерлік жолмен тапқан 13 млн 944 мың 480 теңге табысын жасырып қалған. Сондықтан осы отбасының кірісі қайта есептелініп, үш айда төленген 315 мың 360 теңге бюджетке қайтарылды.

Мұндай дерек Батыс Қазақстан облысында да белең алған. Осы өңірде 2516 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуының заңдылығы тексерілген еді. Нәтижесінде 586 отбасына төлем уақытша тоқтатылып, 508 отбасына төлем мүлдем төленбейтін болды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қайырғали Надырғалиевтың айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып отыр.

«Оралда алты баланың анасы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап АӘК ала бастады. Әлеуметтік көмек алудың заңдылығын тексеру барысында біз отбасының нақты табысының жасырылғанын анықтадық. 2018 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген отағасының 6 миллион 904 мың 550 теңге көлеміндегі табысын жасырған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық есептері бойынша отбасының табысы 3 миллион 877 мың теңгені құрады. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК төлеуден бас тартылды», – деді Қайырғали Надырғалиев.

Осыған ұқсас жағдай Жаңақала ауданында да орын алды. Өткен жылдың сәуір айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініш берушінің қайын атасы 5 миллион 200 мың теңге көлемінде кредит алып, ол қаражатқа 17 ірі қара мал сатып алған.

«Өтініш берушінің бірге тұрып жатқан қайын атасы жеңілдетілген кредитке сатып алған ірі қара малды көрсетпестен отбасының нақты табысын жасырғанын ескере отырып, оған 1 млн 530 мың 612 теңге көлемінде АӘК төлеу тоқтатылды. Сәуір мен мамыр айларында 255 мың 100 теңге көлемінде төленген қаражат бюджетке қайтарылды», – деді ол.

Павлодар облысында да өздерінің нақты табыстарын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға заңсыз қол жеткізген 444 отбасына төлемдер тоқтатылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Майгүл Рахымжанова да өңірде АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру екендігін айтады.

«Мәселен, Май ауданы Қаратерек ауылында тұратын 6 адамнан тұратын отбасы 2019 жылдың сәуір айында АӘК тағайындауға өтініш берген. Отбасына 105 мың 843 теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Қосымша тексеру кезінде біздің басқарманың күшімен отбасының нақты табысын жасырғаны анықталды. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК төлеуден бас тартылды», – деді Майгүл Рахымжанова.

Жоғарыда азғанымыздай, қазіргі уақытта Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған фактіге қатысты бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұзуып, заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша жекелеген жұмыс жүргізуде. АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушылар табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталып та үлгерді.

Жалпы, атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың ең көбі саны Түркістан облысында – 498,7 мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам тұрады. 103 млрд теңге көлемінде АӘК төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері айына 86 мың теңгені құрап отыр.

Жоғары қарай