Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

#Abai175: Павлодар облысының әкімі 5 жасар баладан эстафетаны қабылдап алды

2019 жылдың 24 шілде 2019 17:11

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі 5 жсар баладан Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетана қабылдап, ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңір басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Қадірлі жерлестер! Еуразия континентінің нақ ортасында, Ұлы ақынның ата қонысы, қасиетті де киелі - Жидебай жерінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған өлеңдерін оқу эстафетасына қатысуды жөн көрдім. Эстафетаны Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылында тұратын 5 жастағы Әлиден қабылдап, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Қайдарұлы Әбіловке және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Құрманова Айзада Амангелдіқызына жолдаймын»,-деп жазды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Аталмыш эстафетаны облыс әкімдері, шетелдіктер және дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, жазушылар, БАҚ өкілдері, өнер жұлдыздары тағы басқа көптеген азаматтар қабыл алды.



Басты сөздер: Павлодар облысы, Әкім, Өнер, #Аbai175,
Жоғары қарай